Ағылшын сәнділігі және қытай футуризмі: Алматыда MG автомобильдері ұсынылды

2024 жылдың мамырында ҚР-да бес дилерлік орталық ашылады, ал жылдың соңына дейін олар еліміздің барлық ірі қалаларында пайда болады.

10 мамырда Алматыда Morris Garages немесе жай MG автомобильдерінің презентациясы өтті. Оларды қазақстандық нарықта Genertec Vehicles қытай компаниясы ұсынатын болады.

Genertec Vehicles президенті Гу Чаоганг мырза өз сұхбатында айтқандай, Genertec компаниялар тобы Қытайдың орталықтандырылған мемлекеттік кәсіпорны болып табылады және машина жасаумен, фармацевтикамен, медициналық қызметтермен, құрылыспен, саудамен айналысады. Бұл компания Қытай нарығында ең ірі компаниялардың бірі болып саналады және көп елдерде өз бизнесін жүргізуде. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда Genertec-ң Genertec Vehicles Kazakhstan өңірлік кеңсесі бар және ол Allur тобының ірі акционері болып табылады. Гу мырзаның айтуы бойынша қытай компаниясының қазақстандық автоиндустрия өкілдерінің табысты ынтымақтастық тәжірибесі Қазақстанда MG брендін іске қосудың басты факторы болды. Бұл жерде мынаны айта кету керек. MG бренді британдық бренд болып саналады және жүз жылдық (1924 жылдан бастап) тарихы бар, бірақ шын мәнінде SAIC алыбына тиесілі. SAIC Motor Corpotation қытай мемлекеттік автомобиль жасайтын компаниясы — еліміздегі ең ірі автомобиль өндірушісі және экспорттаушысы. ҚХР-ғы автомобиль сатылымдарының төрттен бір бөлігі және бүкіл Қытайдағы автомобиль экспортының шамамен осындай бөлігі соның үлесінде.

- Бүгінгі таңда MG брендінің автомобильдері жаңадан тыныс алуды бастап, SAIC Motor компаниясының арқасында дамуына қолдау алып отыр. Жуырдан бастап бұл марка автомобильдері жаһандық автомобиль брендіне айналды және бүкіл әлем бойынша кеңінен тараған. Айталық, 2023 жылы MG бренді автомобильдерінің жаһандық сатылымдары 840 мың бірлікті құрады. Біз бұл құбылысты әуесқой автомобильшілердің осы көліктердің барлық артықшылықтарына лайықты баға беруінің арқасы деп есептейміз және енді біз осы брендті Қазақстанның нарығында толықтай ұсына аламыз деп сенеміз, - деді Гу мырза.

Презентация өткен Алматыдағы Ritz Carlton-да әлемге әйгілі брендтің жаңа көліктерін жүздеген автомобильші әуесқойлар тамашалауға келді. Презентациялық залда қонақтарды санаулы секундтың ішінде айналасына қызығушыларды молынан жинаған бес су жаңа модельдер тағатсыздана күтіп тұрды. Қонақтар өзінің адуын, бірақ сәнді түрімен Қазақстанның нарығында ұзаққа тұрақталуға ниеті бар екенін көрсетіп тұрған "темір аттарды" жете зерттеп жатты. Айталық, бұған іс-шара "иелерінің" өздері де сенімді.

- Қазақстандық нарықта MG бренді жергілікті нарықтың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін қызметтер мен шешімдерді ұсынатын болады. Біз Қазақстанның дамып келе жатқан нарық ретінде автомобиль брендтеріне қатысты қажеттіліктері мен болжамдарының өзгеше болуы мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан біз әр клиенттің бабын икеммен және жеке-дара табуға тырысамыз, - деп уәде берді Genertec International президенті Гао Чжан мырза презентация кезінде.

Morris Garages қазақстандықтарға қандай қызықты тұстарын ұсынып отыр? Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанға MG бес моделімен келді, олардың екеуі - дүниежүзілік бестселлерлер. Гу мырза түсіндіріп бергендей, компанияның басты міндеті автомобиль әуесқойларының барлығына лайық болатын автомобильдер желісін ұсыну болды.

Бірінші модель -орташа көлемді, ықшамды, әлемдегі ең кең тараған С класты седан - MG5. Гу мырза айтқандай, бұл "ескі дос секілді адал, базалық модель, өйткені онымен бірге кез келген жаңа нарыққа шығуға және табысқа жететініне сенімді болуға болады".

Оның танымалдылығының құпиясы, оның салонының кеңдігінде, 512 литрлік кең жүк салғышында (осы кластағы ең үлкен), бірқалыпты және жайлы жүруінде, сондай-ақ керемет басқарылуында.

Нақ өзінің спорткарларымен танымал бренд үшін MG5 моделі ерекше деп айтуға болады, себебі оның дизайны спорттық көліктерге мүлде ұқсамайды.

MG5 бестселлері консервативті болып көрінетіндерге компания қозғалтқышы 1,5-литрлік және капотының астына 181 "аттың күшін" сыйдырған серпінді MG6 хэтчбегін ұсынады. Бұл спорт мінезді бизнес-класты сыйымды лифтбек десе болады. Ол жолаушыларға жайлы болу үшін алуан түрлі функциялармен жабдықталған және әртүрлі қауіпсіздік жүйелерімен, кең салонмен жабдықталған. Сәнді дизайнына London Eye түріндегі ендірмесі бар жарықдиодты фаралары мен "жұлдыздар шаңы" стиліндегі радиатор торы адуынды ерекшелік беріп отыр.

Қазақстанның нарығына компания өзінің жаңа моделін де ұсынды, бұл көлемі мен жабдықталуы бойынша бизнес-седандарға жататын MG7 сериясының жетінші седаны. Өз дизайны бойынша бұл автомобильді "жетіліктің" әр бүгілісінен байқалатын мықтылық пен сабырлықтың, спорт пен сәнділіктің құрамдастырылуының бейнесі деуге болады.

MG брендінің презентацияда ұсынылған тағы бір бестселлері - MG ZS ықшамды кроссовері. Бұл көліктің дизайны қала ортасымен де, қала сыртындағы жолсыз соқпақтар пейзажымен де үйлеседі. Гу мырза айтқандай, бұл модель әлемдегі MG автомобильдерінің барлық сатылымдарының 22% құрайды. Оның айтуынша, 2023 жылы бұл көліктің 150 мыңға жуық бірлігі сатылған.

Және соңында презентация кезінде ешкімді бейжай қалдырмаған жаңа родстер MG Cyberster туралы айтамыз. Біздің сұхбаттасымыз айтқандай, бұл 30 жылдың ішіндегі "MG брендінің тарихында жаңа парағын бейнелейтін" алғашқы спорткар.

Родстердің жұмсақ қақпағын бар болғаны 10 секундтың ішінде құрастыруға немесе жаюға болады, есіктері шанақтағы сенсорға саусақтың ұшын ғана тигізгеннен жоғарыға қалықтайды.

Родстердің классикалық пропорцияларын сақтап қалған Cyberster ұзартылған капоттан, ықшамды 2-адамдық салоннан және қысқа жүк салғыштан құралады. 6 бағытты баптайтын электр жетегі бар жайлы спорттық отырғыштары ерекше Y-тәрізді пішінде жасалған және бүйірінде үлкен сүйеніші бар.

Қазақстанда көптеген көліктер брендтері ұсынылған, соңғы жылдары нарыққа қытай маркалары да белсене кіруде, сондықтан түп-тамыры британдық болса да, қытайлып болып саналатын тағы бір MG брендінің пайда болуы: оның артықшылықтары қандай деген орынды сұрақ тудырады. Гу мырза олардың бірнешеуін атап шықты.

- MG — бұл күнделікті тіршілікте пайдалануға өте қолайлы, озық технологиялары бар заманауи, үнемді, кең автомобильдер. Олар Лондондағы Мэрилбон ауданында әзірленген және бірнеше елде заманауи зауыттарда шығарылады. Одан басқа, олардың бағалары да бәсекелесуге тұрарлық. Мысалға, базалық конфигурациясы бар MG 5 седанының бағасы 7 990 000 теңгеден басталады. Тағы бір ерекшелігі, бұл негізінде ағылшындық бренд болып саналады, ал еуропалық брендтер Қазақстанда кореялық немесе қытайлық сияқты соншалықты көп ұсыныла бермейді, - деп атап өтті спикер.

Гу сондай-ақ 2024 жылдың мамырында компанияның Алматыда, Астанада, Шымкентте, Түркістанда және Қостанайда бес дилерлік орталық ашуды жоспарлап отырғанын айтты, ал жылдың соңына қарай елімізде тағы да 10 сату орны ашылады. Осылайша, дилерлік орталықтар еліміздің барлық ірі қалаларында орналасатын болады.

Түпнұсқа жаңалық
Біз әлеуметтік желілердеміз