Стильді және мықты спорткарларымен атағы шыққан дүниежүзілік аты аңызға айналған британдық MORRIS GARAGES (MG) автобренді тағы да қазақстандық автомобильшілер үшін қолжетімді етілді.
Ресми өкіл жаңа MG 5 седанының қолжетімді 7 990 000 теңгеден бастап сатылымға шыққанын жариялады.
Бірегей 100-жылдық тарихы бар Morris Garages қазақстандық автомобиль нарығында тағы бой көрсетті. Ұлы британдық автоөнеркәсіптің қайнар көзінен бастап қазіргі уақытқа дейін MG жүргізушілерге сенімділік пен жайлылықтың үйлесімін ұсына отырып, өзінің британдық рухын сақтап қалған дейді компаниядағылар.
Қазақстанда сатылым әлемдегі танымал MG 5 моделінен басталды. Бұл көлемі орташа ықшамды седан әлемдегі ең көп таралған А класына жатады. Қазіргі автомобиль индустриясының ең үздік аспектілерін бойына сіңірген бұл автомобиль стильдің, жайлылық пен қауіпсіздіктің бейнесі іспетті. Күнделікті тіршілікте пайдалануда таптырмас көлік.
Өндіруші өз компаниясының спорттық бастауларын ескерген - арнайы осы үшін алдында қарқынды жүру үшін желдетілетін тежеуіштер орнатылған. Дұрыс бапталған серіппелі аспа рөлге шапшаң жауап қайтаруды және бұрылыстарда тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Автомобиль салонындағы отырғыштардың бүйірінен сүйеп тұрғаны анық байқалады. MG 5-ң іші кең және аудиожүйе функциялары мен баптауларды басқару кезінде көмектесетін рөл дөңгелегі бар. Сыйымдылығы 512 л құрайтын кең жүк салғышын да мақтаныш етуге болады.
Apple Carplay® және Android Auto® қосуға болатын сенсорлық 10-дюймдік экраны бар заманауи жүйе сүйікті қосымшаларыңызбен басқалардың бәрімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Ағылшын сапасындағы сенімді MG 5 моделі ресми дилер тиімді бағамен: Comfort жиынтықталуы үшін 7 990 000 теңгемен және Delux жиынтықталуы үшін 8 490 000 теңгемен сатылымға шығарып қойған.
Қазақстандық нарықта MG-ді Genertec Vehicles Kazakhstan компаниясы, Алматыда ашылып қойған MG Kazakhstan дилерлік орталығы ұсынып отыр. Маусым айының соңында Астанада, Шымкентте, Қостанайда және Түркістанда ДО ашылу салтанаты өтеді. Ал жылдың соңына дейін - еліміздің тағы 10 қаласында ашылады.
Біз Қазақстанның нарығында MG-ң қайта шыққанына қуаныштымыз, және жаңа MG 5-ң жайлылықты, стильді және сенімділікті бағалайтындардың арасынан өз табынушыларын табатынына сенімдіміз.
Біздің жаңалықтарымызды Instagram-жағы MG Qazaqstan ресми парақшасынан қарап жүріңіз.
Қазақстан бойынша сату бөлімінің бірыңғай байланыс телефоны: 8- 705-171-59-91
Анықтама: MG – 1924 жылы құрылған британдық бренд. Бірегей спорттық автомобильдерді шығару арқылы атағы шыққан. 2007 жылы бұл бренд SAIC ірі қытай корпорациясының құрамына кірген. SAIC Motor Corporation — Қытайдағы ең ірі автомобиль өндіруші эәне экспорттаушы. ҚХР-ғы автомобиль сатылымдарының төрттен бір бөлігі және бүкіл Қытайдағы автомобиль экспортының шамамен дәл осындай бөлігі соның үлесінде. Жуырдан бастап осы марка көліктері жаһандық автомобиль брендіне айналды және бүкіл әлемде кеңінен тарады. 2023 жылы MG бренді автомобильдерінің жаһандық сатылымдары 840 мың бірлікті құрады.